Жошы ханның 800 жылдығына орай өтіп жатқан «Талас-Ұлытау-Сарайшық» бағытындағы республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы Түркістанға жетті. Қазақ хандығының астаны, Ұлы Жібек жолының орталығы болған қасиетті мекенге арнайы ат басын бұрған топ алдымен Отырар қалашығында болды. Олар ондағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог мамандармен сұхбаттасып, өңірдің тарихына жіті тоқталды.
Одан соң экпедициялық топ Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және маңындағы тарихи ескерткіштерді аралап, олардың тарихымен тереңірек танысты. Сондай-ақ, жаңа Түркістанның келбетіне айналған «Керуен сарай» кешенін де аралап, қала аумағындағы атқарылған жұмыстармен танысты.
Өңірдегі бірқатар нысандарды аралаған топ Қызылорда қаласына қарай жолға шығып, жол бойында Қыпшақ хандығы мен қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қалашығына тоқтады. Онда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы Асхат Сайлау Сығанақ қалашының тарихымен, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлермен таныстырды. Ары қарай экспедиция Қызылордада жалғасын таппақ.
Түркістан облысында экономиканың дамуына тың серпін беретін жалпы құны 145 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биылғы 7 айда 25 жоба іске қосылып, 866 жұмыс орны ашылды. Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім көлемі артты. Осыған […]
Бүгінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін көмектің іс-шара жоспары бекітілген. Ауданда 58 отбасы бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға түскендігі анықталып отыр. Ол отбасылардың бәріне де демеушілер есебінен 734 200 теңге көлемінде […]
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 412 көпір орналасқан. Қазіргі таңда көпірлердің техникалық жағдайына қарай жөндеуді қажет ететін көпірлерге сметалық құжаттамалар әзірленіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін […]
Пікір қалдыру