ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 30-ҒА ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келес ауданындағы жолдар жыл өткен сайын жаңарып, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың пайыздық үлесі артып келеді.
Келес ауданында 2024 жылы жалпы 30,6 шақырымды құрайтын 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде Біртілек, Көлтоған, Керегетас, Жетітөбе, Еңбек, Ақжол, Бесауыл елді мекендерінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
Біртілек ауылдық округінің Амангелді, Жолбасшы елді мекендері, Ошақты ауылдық округінің Саңрау, Саттаров елді мекендері, Қошқарата ауылдық округінің Аманжар елді мекені және Ақтөбе ауылдық округінің Жаңадәуір елді мекендеріндегі ішкі көшелерге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталған. Бүгінгі таңда келісім шарттар түзу және өндірістік кесте бекіту жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандар 2025 жылға өтпелі.
Ал былтырғы жылы,  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 көшеге асфальт төселеді.
Олар ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын Қошқарата ауылдық округінің Бәйтерек елді мекеніндегі Алтыбаев және Жеңіс көшелері, Ақтөбе ауылдық округіндегі Бозсу елді мекенінің 4 көшесі олар, Денсаулық, Жаңа ғасыр, Жаңа ғасыр 1 және Жаңалық көшелері жөнделеді. Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Қауыншы елді мекенінің Б.Тәжібаев көшесі де жаңаланады. Қазіргі таңда 7 көшенің де жеңімпазы анықталған. Келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстары тамыз айында басталуы жоспарланған.
Жолы жаңаратын ауылдардың қатарында Абай ауылындағы 8 көше, Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб порталына жариялау жұмыстары атқарылуда. Жоспарлы жұмыстар жүзеге асқан соң Ақжол ауылы мен Бәйтерек ауылдарының ішкі көшелері 100 пайыз асфальттанса, аудан орталығының 99 пайызы орта жөндеуден өткен көшелер болмақ.
Жол жөндеу жұмыстар аудан аумағының өзге де нүктелерінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын «KXSG-31 Бекбота-Ащыкөл» жолының 9,9 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*