Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиналыста баяндама жасады. Басқарма басшысы мәжіліс барысында өңіріміздегі шегірткеге қарсы күрес шараларының барысы да назардан тыс қалмағанын айтты. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр екен. Биылғы жылы облыс бойынша марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары жоспарланған 257,58 мың гектарға қосымша 155,0 мың гектарғаа қосылып отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 356,022 мың гектар жерге өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 72 дана жер үсті агрегаттары мен 2 дана ұшақ қатысыпты. Әбүйір болғанда қазірде даланы дәрілеу жұмыстарына ауа райы қарасып тұр. Климаттың қолайлығына қарай зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын 4-5 күнде аяқтау жоспарланып отырған көрінеді. Техникалардың да жағдайы жаман емес. Химиялық дәрі-дәрмектер әзірге жетіп тұр. Қазіргі кезге дейін, ешбір ауданда егістіктерді жаппай шегіртке басу фактілері тіркелмеген екен.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде шартты ақшалай көмек алушылардың кірісі 3,2 есеге өсіп отыр
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға еш нәрсеге күш салмай-ақ, әлеуметтік көмектің ең төменгі мөлшерін алу, не болмаса жобаға қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі туып отырғын айта кетпеуге болмайды. Сонымен қатар, […]
ОҚО-да Өгем өзенінен таза су алу жұмыстарының бастапқы кезеңдері басталды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен түркиялық «DOGUS» Constraction компаниясы арасында «Өгем» өзенінің суын бұру мақсатында ынтымақтастық меморандумы түзілді. Енді аталған шетелдік компания өкілдері осы уағдаластық аясында тұжырымдама әзірлемек. Бұл жұмыстар 2018 жылдың қаңтарына дейін аяқталса, […]
ОҚО-да робот техникасын құрастыратын мектеп ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы — Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылды. Бұл игі шараны «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының мемлекеттік грантын жеңіп алған Астана қаласындағы Н. Назарбаев университетінің түлектері қолға алып отыр. Роботтарды […]
Пікір қалдыру