Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиналыста баяндама жасады. Басқарма басшысы мәжіліс барысында өңіріміздегі шегірткеге қарсы күрес шараларының барысы да назардан тыс қалмағанын айтты. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр екен. Биылғы жылы облыс бойынша марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары жоспарланған 257,58 мың гектарға қосымша 155,0 мың гектарғаа қосылып отыр. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 356,022 мың гектар жерге өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 72 дана жер үсті агрегаттары мен 2 дана ұшақ қатысыпты. Әбүйір болғанда қазірде даланы дәрілеу жұмыстарына ауа райы қарасып тұр. Климаттың қолайлығына қарай зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын 4-5 күнде аяқтау жоспарланып отырған көрінеді. Техникалардың да жағдайы жаман емес. Химиялық дәрі-дәрмектер әзірге жетіп тұр. Қазіргі кезге дейін, ешбір ауданда егістіктерді жаппай шегіртке басу фактілері тіркелмеген екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Наурыз» саябағын жөндеуге 180 миллион жұмсалған
Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға қайта қалпына келтірілген демалыс орнының жалпы аумағы – 8 гектарды құрап отыр. 1991 жылы құрылған саябақ 26 жыл ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына […]
ОҚО-ның 1 жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнімі 101 пайыздан асқан
1.Оңтүстік Қазақстан облысында І жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімі 1,4 трлн. теңгені құрап, өсім 101,5 пайызға жетті; 2017 жылдың 7 айында облыста 439,1 млрд. тегенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен; ОҚО-да 187,8 млрд. […]
ОҚО-да жарты жылда 371 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың 6 айында 371,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 250,4 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 3,6 есеге (29,9 […]
Пікір қалдыру