Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұқит Отаршиевтың айтуынша, өңірде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 168 келісімшарт және автомобиль жолдарының құрылысына пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге 7 рұқсат тіркелген. Ал, орталық атқарушы орган тарапынан берілген құқықтар негізінде, қатты пайдалы қазбаларды игеруге облыс аумағында 27 келісімшарт және 1 келісімшарт табиғи газды барлау бойынша тіркелген.Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткізілген кезекті отырыста айтылды. Мәселен қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пайдалы қазбалар көмірсутек шикізаты, қатты пайдалы қазбалар және кең таралған пайдалы қазбалар болып негізгі 3 түрге бөлінеді екен. Жиынды қорытындылаған әкім облыста заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату бойынша атқарылып отырған жұмыстарды қайта зерттеп, саралап нақты ұсыныс енгізуді. Сонымен қатар, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қою және заңды жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттеу бойынша құзырлы органдармен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жауапты сала жетекшілеріне жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
Джулия Валлезе: Біз мән беретін негізгі мәселенің бірі – ана мен бала денсаулығын сақтау
ОҚО әкімімен кездесу барысында БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлезе қордың ана мен баланың репродуктивті денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік пен демографиялық мәселелерді қамту салаларындағы негізгі миссияларын баяндап берді.«Біз мән беретін негізгі мәселенің […]
ОҚО-да 364 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Оңтүстік Қазақстан облысында кадастрлық құны 603 814 600 теңгені құрайтын 364,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған жер учаскелеріне жүргізілген тексеру жұмыстарының арқасында қол жеткізіліп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз […]
Бақытжан Сағынтаев ОҚО-ның кәсіпкерлерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, жұмыс сапары аясында Оңтүстік Қазақстан облысына барып «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.Үкімет басшысы өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін қарады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Жиын барысында қатысушылар мемлекеттік сатып […]
Пікір қалдыру