Оңтүстік Қазақстан облысыда 500-ге жуық ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып отыр. Кооперативтердің мақсаттарына сәйкес ірі шаруашылық құрылымдары ретінде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат көзін дайындау бағыттарында жұмыс жасайды. Биыл өңірде осы жұмыстардың есебінен ет және сүт өнімдердерін қайта өңдеу кәсіпорындарының орташа жүктелімін 60%-дан 70%-ға көтеру белгіленген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын пайдаланып, жеңілдетілген несие беру және субсидиялау жолдары арқылы 2017 жылы барлық бекітілген жоспарлар жыл аяғына дейін толық орындалмақ.Биылғы жылдың 4 айында былтырғы жылмен салыстырғанда ет өндіру тірілей салмақта – 4,1 , сүт – 1,9 жұмыртқа өндіру 6,9 пайызға көбейді.Есепті кезеңде мүйізді ірі қара бойынша мал басы өсімі – 5,5 пайыз, қой мен ешкі -1,7 пайыз, жылқы – 18,7 түйе – 6,5 құс – 5,9 пайызға артты. Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі: Туризмді дамытуды мықтап қолға алуымыз керек
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессия жұмысына облыс әкімдіктің мүшелері мен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. […]
ОҚО ғалымдары латын әліпбиіне көшу әдістемесін жасауға қатысады
Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талықалауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып […]
ОҚО-да медиация институтын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының ұйымдастыруымен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында «Медиация институтын дамыту – басты қажеттіліктердің бірі» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.Мәжіліске облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, судьялар, кәсіби медиаторлар қатысты.Дөңгелек үстел барысында […]
Пікір қалдыру