Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талықалауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып кеше ғана Ақордада ұсынылған жаңа латын әліпбидің үлгісі.Осы орайда, өңір ғалымдары тарапынан жалпыхалықтық талдаудан өткен әліпбидің соңғы нұсқасын қолдау тауыпты. Сондай-ақ, кездесу барысында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан – үш түркітілдес мемлекеттердің тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, олардағы жетістіктер мен кемшін тұстарын атап айтты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты проректорының міндетін атқарушы Еркін Махашевтың айтуынша, қазір олар қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін сақтау бойынша ізденіп жатыр. Тіл мамандарының әдіс-тәсілдер жиынтығы балабақша және бастауыш сынып балаларына арналады. Топ мүшелерінің пайымынша, латын әліпбиі – тың технологиялардың тілі.«Ғалымдар латын әліпбиіне көшудің әдістемесін жазып жатыр. Бұл жерде жастардың да үлесі зор. Латын әріптерін сауатты қолдану үшін тиянақты болу керек. Себебі қазақша жазу жоғалмай, ұлттық код сақталуы тиіс» дейді Еркін Махашев, ОҚМПИ проректорының міндетін атқарушы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімдігі баламалы энергияны өндіруде түрлі жобаларды жүзеге асырмақ
Оңтүстік Қазақстанның тау, өзендерінің мол әлеуетін ескерген тараптар алғашқы жоба аяқталған соң да әрі қарай бірге жұмыс істеп, ОҚО әкімдігінің қолдауымен шағын су энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» […]
ОҚО-да жаңа су электр станциясы іске қосылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты.Облыста […]
ОҚО-да үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мәжілісі өтті
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» мәжілісі өтті. Мәжіліс отырысына облыс әкімінің орынбасары, кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары, […]
Пікір қалдыру