Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты.Облыста күн, жел, су энергиясының әлеуеті жоғары екенін айтқан әкім, дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңа энергетиканы да дамыту қажеттігін атап өтті.«Өздеріңізге белгілі, биыл Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі техникалық жетістіктермен, жаңғырмалы энергия көздерінің молдығымен, ғылымға ұмтылудың маңыздылығымен бүкіл әлемнің назарын аударуда. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейін жаңғырамалы энергия үлесін 50 пайызға дейін көбейтуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі іске қосылған электр станциясы таза электр энергия өндірумен қатар, энерго ресурстарды үнемдеуге бағытталған»,-деді Жансейіт Қансейітұлы өз сөзінде.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жаңа оқу жылында 73 мың бала 1-сыныпқа барады
Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға […]
ОҚО-да тәулік бойы тіс емдейтін емхана бар
Оңтүстік Қазақстан облыстық тіс емдеу емханасы халыққа тәулік бойы қызмет етуге көшті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаевтың бұйрығымен азаматтардың түнгі уақытта да ем қабылдауы үшін осындай қолайлы жағдай жасалды. Енді тәуліктің кез келген уақытында облыс […]
ОҚО-дан ЭКСПО-2017 көрмесіне ұн және ұн өнімдері жеткізіледі
Халықаралық көрмеге өз өнімдерін дайындап жатқан тағы бір кәсіпорын Шымкент қаласындағы «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестікте жылына 27 мың тонна макарон өнімдері мен 3600 тонна кондитерлік өнімдер […]
Пікір қалдыру