Оңтүстік Қазақстан облысында есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны 1281. Мұнан бөлек ескі сәулеттік ескерткіштер 218, археологиялық ескерткіштер 1063 құрап отыр. Сонымен қатар, өңірде бұдан басқа да зерттелмегендері баршылық екен. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында мәлімдеді.«Неғұрлым тарихымызды қадірлесек, неғұрлым барымызды бағалап, сақтасақ, біз соғұрлым әлемде, дүниеде сыйлы боламыз. Халық есебінде! Өйткені, өзінің өткенін ескермейтін, бағаламайтын халықты өзінің ұрпағы да бағаламайды және оны өзге мемлекеттер де қадірлемейді» деді.Сондай-ақ, оңтүстікте Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Оқсыз, Сауран, Сидақ, Мәртөбе, Ханқорған, Күлтөбе секілді қалашықтар көп. Барлығы да біздің еліміздің мақтанышы. Аталмыш қалашықтарды қайта қалпына келтіріп, музейге айналдыру үшін қыруар жұмыс жасалмақ. Осыған байланысты өңірде жұмыс тобы құрылғанын айта кету керек. Оның ішінде белгілі ғалымдар, археологтар, архитекторлар барлығы да бар. Атап айтар болсақ, Әлкей Марғұлан атындағы археология институның директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Байтанаев Бауыржан Әбішұлы, сәулет бюро диреторы Бақытжан Әшірбаев та бар.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жаңа оқу жылында 73 мың бала 1-сыныпқа барады
Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға […]
ОҚО-да халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы ашылды
Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы ашылды. Мұнда бұдан былай мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек жандарға және жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсетілетін болады. Жаңа заманауи сипатта жұмысын жандандырған мекеменің ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі […]
ОҚО-да көсбасшы жастар марапаттарға ие болды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жыл бойы түрлі салаларда өзіндік үлес қосып жүрген 20 көшбасшы жасқа 15 номинация бойынша «Үздік жастар премиясын» табыстады. Салтанатты кеште арнайы дайындықтан өткен 22 жұп би кешіне арналған салтанатты киімдерін киіп, вена […]
Пікір қалдыру