Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар — Қазақстанның интеллектуалды болашағы» атты шахматтан аудандық турнир болып өтті.Жарысқа Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысып, ақтық кезеңге шыққан жастар финалдық кезеңде бақтарын сынады. Бұ жолғы шахмат турнирі ұлдар және қыздар арасында өтті. Сөйтіп тартысқа толы болған турнирдің жеңімпаздары да анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар арасында шахматтың айла тәсілдерін Бақытжан Оразқожадан артық меңгерген үміткер болмады. Екніш орын Абылайхан Хамзенің еншісіне жазылды. Ал, үздік үштікті Бекболат Шаңқыбайдың қорытындылағанын айта кеткен абзал.Қыздар арасында Ұлжалғас Жанзакова интелектуалдық тұрғыда шахматты өз қарсыластарынан анағұрлым артық меңгергенін дәлелдеді. Ал, Жайна Әшімнің Ұлжалғасқа жету үшін әлі біраз жаттығуы қажет секілді. Өйткені, Ұлжалғас бұжолы Жайнаға ұпай санымен қуып жете алмады. Нәтежиесінде екінші орынға тұрақтады. Үшінші орын болса, Аяулым Жақсылыққа бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік жастар мемлекеттік рәміздер күніне орай челлендж жолдады
Шымкент қаласының жастары мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай челлендж жолдады. Шықалалық жастар 4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады. Аталған орталық […]
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ АСТАНАЛЫҚТАРҒА ТЕГІН ТАРАТЫЛУДА
Елордасы — Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, […]
Мәжіліс депутаты Мақтааралдағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жұмысымен танысты
Мақтарал ауданына іс-сапармен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан келді. Ең алдымен, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жасаған ғылыми жаңалықтарымен танысқан депутат мақтаралдық ғалымдардың жетістіктерін көріп, аудан әкімі Ғ.Исмаиловпен бірнеше объектілерді аралады.«Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді […]
Пікір қалдыру