Елордасы — Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, 10 тонна қарбыз астаналықтарға тегін тарту етілді. Сондай-ақ, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, 1 тонна болгар бұрышы, 2 тонна баклажан, 3 тонна картоп, 15 тонна қарбыз, 15 тонна қауын т.б. 1 тонна жеміс-жидек өнімдері 15 % жеңілдікпен сатылуда.«Әлемдегі ең тәтті қауын Мырзашөлдің қауыны десем артық айтқандық емес. Дегенмен, Астанада бағасы қымбат болғандықтан көп студенттердің оны сатып алуға қалтасы көтере бермейді. Бүгін астаналықтардың, әсіресе астаналық студенттердің қуанышында шек жоқ. Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында тегін қауын таратылып жатқанын естіп келіп отырмыз. Жаңа оқу жылын осылайша молшылықпен бастап жатырмыз» — деді Айдана Базарбаева.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік өнімдері Астанаға жол тартпақ
Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысының 35 ірі кәсіпорны 28 түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінен 13 мың тоннаға жуық, дәлірегі 12976 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр. Солардың бірі, Қазығұрт ауданынына қарасты Қақпақ ауылындағы «Қарқын-2030» жауапкершілігі шектеулі […]
Мақтааралдық диқандар жиналған қауынның 70 пайызын экспорттаған
Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жылына үш рет егін егіп, еліміздің солтүстік аймақтарын бау-бақша өнімдерімен қамтып отырған еңбекқор шаруалармен кездесті.Мырзашөл […]
Мақтааралда қозапаядан жасалған жиһаздық бұйымдар экспортталып жатыр
Мақтааралда жылына 72 мың дана қозапая тақтасын дайындайтын цехта, бүгінде 29 адам жұмыс жасайды. Өндіріс орны 1 тонна қозапая үшін 3500 теңге сатып алады екен. Ал, 1 тонна ДСП дайындауға 100 мың теңге жұмсайтын көрінеді. […]
Пікір қалдыру