Мақтааралда жылына 72 мың дана қозапая тақтасын дайындайтын цехта, бүгінде 29 адам жұмыс жасайды. Өндіріс орны 1 тонна қозапая үшін 3500 теңге сатып алады екен. Ал, 1 тонна ДСП дайындауға 100 мың теңге жұмсайтын көрінеді. Ал жиһаз зауытына 200 миллион теңге инвестиция құйылған. Жылына 5 мың жұп жиынтық жиһаз құрастыратын цехта 40 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы, зауыттың осы салаға салған қаржысы 545 миллион теңге. Қозапая экологиялық жағынан таза өнім болғандықтан қазірден іскерлік байланысқа түсуге ниетті мемлекеттер баршылық. Зауыт құрылтайшысы олардың қатарында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерін атады. Өнімнің 94 пайызы қазақстандық болса, әзірге 30 пайызы экспортқа жартылай шикізат есебінде шығады. Жаңа зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы келіп, лентасын қиды. Отандық кәсіпорын толық мәнінде жұмыс жасауы үшін оған мемлекеттік қамқорлық керек. Облыс әкімдігі облыстық денсаулық сақтау және білім басқармасы сияқты өзекті сала басшыларын арнайы шақыртқан екен. Мектепке парта, балабақша үйіне үстел, орындықтар, мекемелерге офистік жиһаздар шығарып жатқан зауыттың өнімдерін ең алдымен тиісті салалар қолдауы қажет. Мұнда тұрғын үй жиһаздары да жасалып жатыр. Яғни, алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.
Ұқсас жаңалықтар
Шардаралық шаруалар 30 тонна қарбызды Ресейге сатты
Шардаралық шаруалардың да бақша өнімдері баршылық. Ондағы Жаушықұм ауылдық округінде қарбыз егумен шұғылданып жатқан диқандар алғашқы 30 тонна өнімді Ресейдің Якутия автономиялық республикасына сатылымға жөнелтті. 2 гектар алқапқа жамылғы астына ерте пісетін қарбыз тұқымын отырғызған […]
Оңтүстіктің қызанағы мен қияры Ресейге экспортталуда
Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы «Аделя» жылыжай кешенінің көлемі 16 гектарды құрайды. Оның 5 гектары 2011 жылы, ал 11 гектары 2014 жылы іске қосылған. Жалпы жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырыпты.Нақтырақ айтсақ, аталмыш ұйым 2011 жылы 440 […]
Шымкентте өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпор саны 30-дан асады
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қала әкімдігінің жанынан құрылған Экспорт жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтты. «Бүгінгі таңда қалада тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларында жұмыс жасайтын 35 […]
Пікір қалдыру