Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылындағы «Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі сонау 1996 жылы құрылған. 2016 жылы «Нұр-Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі болып қайта тіркеліпті. Бүгінде Сәду Бекеновтың төрағалық етіп отырған кооперативтің 242 мүшесі бар. Иә, 21 жылдан бері бірігіп жұмыс жүргізіп жатқан шаруалар қазірде 1125 гектар жерді игеріп отыр. Кооперативтегі жұмысшылардың орташа жалақысы 50 мың теңгені құрайды. Негізінен мақта шаруашылығымен және тұқымдық шит шаруашылығымен айналысатын ынтымағы зор «Нұр-Кетебай»-дың жұмысында береке бар. Себебі, бүгінде олар тек егістік егіп қоймай, сол егіс жұмыстарына қажетті ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресетін биолабораториясы, тұқымдық мақта шитін тазалайтын, іріктейтін, дәрілейтін тұқым цехтарын ашып алған.Сонымен қатар, қуаты 100 тракторға есептелінген орталық жөндеу шеберханасы, жанар-жағармай қоймасы бар. Мұнан өзге, құрылыс бригадасы, 9 мақта бригадасы, мақта қабылдау пункті мен орталық қоймасы да жұмыс жасайды.
Ұқсас жаңалықтар
Төлеби ауданының әкімдігі мал бордақылау алаңының инфроқұрылымын салып бермек
Төлебиде мал шаруашылығын дамытуда Киелітас ауылындағы ескі ферма орнындағы төрт гектар жерге, бірегей типтік мал бордақылау алаңшаларын соғу бойынша аудан басшысы Бауыржан Омарбеков, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа, ауылдық округтің әкімі Полат Төребековке, кәсіпкерлік бөлімінің […]
ОҚО-да биыл 200 тонна құс етін өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында биылғы жылы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осының бірі құс етін өндіретін «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. 20 мүшенің басын қосатын ауылшаруашылығы кооперативіне біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға […]
ОҚО-да биыл 6500 отбасыға 19 млн. теңгеден астам қайырылымдық көмек берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Асар» қайырымдылық шарасы аясында биылдың өзінде өңірдегі баспанаға мұқтаж 8 отбасыға тұрғын үй кілтін сыйлаған. Болашақта да бұл игі шара болашақта жалғасын табатын болады. Бұдан бөлек, […]
Пікір қалдыру