Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Асар» қайырымдылық шарасы аясында биылдың өзінде өңірдегі баспанаға мұқтаж 8 отбасыға тұрғын үй кілтін сыйлаған. Болашақта да бұл игі шара болашақта жалғасын табатын болады. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 6500 отбасыға жалпы сомасы 19 млн. теңгеден астам қаржы көмек ретінде ұластырылып отырғанын айта кеткен жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек мәлім етті.«Мәселен, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры ең алғаш рет өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі қызметкерлерге көмек көрсетті. Қажеттілікке орай ай сайын берілетін көмектің орташа мөлшері 50-60 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, алдағы 2018 жылы облыстағы жалпы саны 1700-ден астам мешіт қызметкерлеріне көмек беру жоспарлануда», — деді Ахметжан Пірәліұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 9 айда 400 миллиардқа жуық ауылшарушылығы өнімі өндірілген
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген. […]
ОҚО жұрты қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр — саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күні. Осыған орай бүгін «Қасірет» мемориалында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Шымкент қаласының әкімі […]
ОҚО-да омарташылар кооперативі құрылады
Оңтүстік Қазақстан облысында омарташылар кооперативі құрылады. Бұл өз кезегінде ішкі туризмді дамытып, шетелдік туристерді көптеп тартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ оңтүстік омарташыларының бірлесіп, ұжымдасып жұмыс істеуіне ықпал ететін болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт […]
Пікір қалдыру