Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында биылғы жылы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осының бірі құс етін өндіретін «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. 20 мүшенің басын қосатын ауылшаруашылығы кооперативіне біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Жыл аяғына дейін іске қосылатын нысанда жылына 200 тоннаға дейін құс еті өндірілетін болады. Бүгінде кәсіпорын ғимаратына жаңа құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда.Су жаңа құрал-жабдық толықтай автоматтандырылған. 2,5 гектарды алып жатқан құс фермасының қазір инфрақұрылымы жасақталуда. Шаруалардың кооперативке бірігуінің арқасында мұны сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Кооператив төрайымының айтуынша, өткізген еттің әр келісіне 80 теңгеден, ал жемге 20 теңгеден субсидия алатын болады. Жоба толықтай іске қосылғанда жылына 200 тоннаға жуық құс етін өндіреміз деп отырған шаруалар тауарларын «Шымкент құс» кәсіпорнына өткізеді. Жылына 6 анайналымда жұмыс істейтін құс фермасы құстарды 35-40 күн бағатын болады.Салаға жауаптылар бүгінде облыста 2,5 миллионға жуыс құс өсіріледі деп отыр. Оның 50 пайызы жеке және қосалқы шаруашылықтардың еншісінде. Оңтүстік өңірі өз-өзін құс етімен 70 пайыз, ал жұмыртқамен 75 пайыз қамтуға қауқарлы екен. Сондықтан біріккен кәсіпорындар алдында құс шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсаты тұр. Құс фермасын салып жатқан кәсіпкерлер құрал-жабдықтар сатып алу үшін және айналым қорына (жем, шөп сатып алуға) қажетті қаржыны ҚР Үкіметінің бекіткен бағдарламалары аясында жеңілдетілген несие алу арқылы іске асыруда. Атап айтсақ, 14 кәсіпкер тиісті құжаттарын «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО ЖШС арқылы өткізіп, қондырғыларын «ҒOPRO» фирмасынан «Лизинг» бойынша алады. Ал 6 кәсіпкер қондырғыларын «ҚазҚұс-Батареясы» ЖШС-нен алу үшін келісім шарт жасауда.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО: Арыстық кәсіпкер кетчуп пен томат сусындарын шығармақ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің Арыс қаласында жүзеге асырылуы баяндалды. «Ал 2017-2019 жылдар аралығында индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар «Қостүйін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем […]
ОҚО әкімі өңірдегі мектеп құрылысы мәселесін май шаммен қарады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңірдегі аудан, қалаларда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы кеңінен талқыланды. Оған өзіндік себеп бар. Өйткені, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтің айтуынша Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандары мен Шымкент қаласындағы мектеп құрылысында […]
ОҚО-да 245 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьге барады
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 1 мен 10-сынып оқушыларының саны 579 мыңға жуық оқушыны құрап отыр. Осы балалардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі 1858 түрлі бағыттағы лагерлер жұмыс жасайтын болады. Ал оларда 244 674 […]
Пікір қалдыру