Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы «Аделя» жылыжай кешенінің көлемі 16 гектарды құрайды. Оның 5 гектары 2011 жылы, ал 11 гектары 2014 жылы іске қосылған. Жалпы жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырыпты.Нақтырақ айтсақ, аталмыш ұйым 2011 жылы 440 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие берсе, 2013 жылы 2,2 миллиард теңге тағы бөлген.«Қызанақтарды теру маусымында 180 адамға дейін жұмысқа қабылдаймыз. Жұмысшылардың орташа жалақы мөлшері 80 мың теңге. Ал, өнімнің 90,95 пайызын Ресейдің теріскейіндегі Нововсибирск, Красноярск, Барнауыл секілді облыстарына экспортқа шығарамыз. Ал, бізде сұраныс аздау. Сонымен қатар, Астана мен Алматы қалаларына да сұранысқа қарай қызанақ, қиярлар жеткізіп отырамыз»,- дейді «Аделя» жылыжай кешенінің директоры Бақтияр Асылбек. Қазірде «Аделя» шаруа қожалығында 16 гектар жылыжай болса, оның 10 гектарына қызанақ, қалғанына қияр отырғызылған. Голландиялық тәсілмен өсірілетіндіктен көктем де және күзде, жылына 2 рет өнім алады екен. Ал, бір терімде 4-4,5 мың тоннаға дейін, яғни гектарына 300, 350 центнерден өнім алады.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте оңтүстіктегі үш облыс халқына қызмет көрсететін диабет орталығы ашылды
Шымкент қаласында облыстық эндокринология диспансерінің базасында Аймақтық диабет орталығы ашылды. Аталған орталық көршілес Қызылорда, Жамбыл облыстарының тұрғындарына да мамандандырылған көмек көрсетеді. Мұнда қант диабетімен сырқаттанатын науқастарға заманауи емдеу және диагностика тәсілдері қолданылады. Науқастардың гликемиялық көрсеткіштерін […]
Мақтааралда қозапаядан жасалған жиһаздық бұйымдар экспортталып жатыр
Мақтааралда жылына 72 мың дана қозапая тақтасын дайындайтын цехта, бүгінде 29 адам жұмыс жасайды. Өндіріс орны 1 тонна қозапая үшін 3500 теңге сатып алады екен. Ал, 1 тонна ДСП дайындауға 100 мың теңге жұмсайтын көрінеді. […]
Мақтааралдық шаруалар Ресей мен Беларуске қырық қабат экспорттай бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін жинау науқаны басталды. Қазірдің өзінде егістік алқаптарда 58 бригада құрылып, онда 900-ден астам жұмысшы қырыққабат жинауға кіріскен. Алғашқы өнімнің легі еліміздің түрлі аймақтары мен Ресей және Беларусь еліне […]
Пікір қалдыру