Ақ мақтаның екінші аты – ақ алтын. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп кластерін өрістетуге мақтадан алынатын талшықтан бастап жіп, мата сияқты бұйымдардың үлкен мүмкіндігі бар. Қазақстанның қолын мақта-мата, тоқыма өндірісіне жеткізіп отырған ақ мақта тек Оңтүстікте, оның ішінде негізінен Мақтаарал ауданында өседі. Мақтаның пайдасын айттық. Ал, осы ақ алтынды ерте көктемнен өз бойында өсіретін қозапаяны, былай айтқанда бұтағы, сабағы отыннан басқаға жарамайтындай көрінетін. Рас, бір ғалым қозапаядан көгілдір отын алып көрді. Бірақ, шығыны көптеу болғандықтан жаппай қолданысқа енбеді. Өңірде іскер жігіттер көп қой. Солардың бірі мақталы алқапта қоңыр күзде күзетшілер сияқты сыйдиып қалатын қозапаядан жиһаздар шығуға пайдаланатын тақта жасауға болатынын біліп, іске кіріседі. Былтыр Мақтааралдағы сол фирмада болғанбыз. Есік алдында тау көпір қозапая, цехта одан жасалған ДСП.Желіммен қатырылып тығыздалған тақталардың сырттан тасымалданатын тақталардан еш кемдігі жоқ. Бірақ, өз елінде өндіріліп жатқан шикізаттарға күдікпен қарайтын жиһаз жасаушылар әлі де сырттан алдыруды қолай көріп, шағын цех жүдеңкіреп тұр екен. Енді сол қозапая ең өтімді жиһаз материалына айналды. Жақында Шымкенттегі «Тассай» индустриялық аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі іске қосылды. Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған «Мега Смарт» зауытының негізгі шикізаты біз бағанадан бері мақтауын жеткізген қозапая. Мақтааралдағы цех осы зауытпен тығыз байланыста, былайша айтқанда, бизнестің бір құрылымы. Жиһаз жасау үшін мықты жылтыр тақта керек. Қозапаядан жасалған тақталарға түрлі ламинаттар жапсырылып шеберлер жиһаз жасауға пайдаланғанда құлпырып салады екен. «Мега Смарт» зауытының бас директоры Сергей Хегайдың айтуы бойынша, қозапая ешқандай улы қоспасы жоқ экологиялық таза өнім болғандықтан ТМД елдерінде баламасы жоқ екен. Мақтааралдағы зауыттан жеткізілген тақталар түрлі түстермен ламинатталып, жиһаз зауытына өтеді. Оңтүстік Корея және Италияның қондырғыларымен жұмыс жасайтын зауыттың, бұйымдарының сапасы жақсы, әсемдігі көз жауын алады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда оқушыларды ҰБТ-ға тасмалдап, тамақтандыру үшін бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген
Мақтарал ауданы бойынша 125 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 122 жалпы орта білім беру мектептері, 3 негізгі орта білім беру мектептері, 1 «Дарын» мектеп-интернаты бар. Биыл ауданда 4214 оқушы 11-сыныпта оқыды. Қазіргі таңда […]
Қоғамдық келісім кеңесі Мақтаралда көшпелі қабылдау өткізді
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Мақтарал ауданына келіп, Мырзашөл, Достық, Өркенді елді мекендерінде ауыл азаматтарын арнайы қабылдады. Көшпелі қабылдауға жиналған жергілікті тұрғындар ауыл-аймақтағы бірқатар өзекті мәселелерді кеңес мүшелерінің назарына жеткізді. […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Мақтааралдың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты
Оңтүсітк Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Мақтаарал ауданы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі апатты жағдайда тұрған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы канал және оның үстінен өтетін көпірдің мәселесімен танысты. Сонымен қатар, аталған ауылдық округтегі «Нұралы жол» шаруа қожалығының […]
Пікір қалдыру