Оңтүсітк Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Мақтаарал ауданы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі апатты жағдайда тұрған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы канал және оның үстінен өтетін көпірдің мәселесімен танысты. Сонымен қатар, аталған ауылдық округтегі «Нұралы жол» шаруа қожалығының мақта мен бақша егіс алқабын аралап көрді. Өңір халқын жеміс-жидек, көкөністермен және бақша өнімдерімен қамту мақсатында барынша жұмыс істеу қажеттігін айтқан облыс әкімі шаруаларға берілетін мемлекеттік көмек пен қолдауды дер кезінде көрсетуді және субсидия алуда құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын үйлестіруді аудан әкімдігіне міндеттеді.1997 жылы құрылған қожалықтың жалпы жер көлемі 497 гектарға жетсе, оның ішінде 210 гектары мақта, 213 гектары бақша. Ал, 50 гектар жеріне жоңышқа, 27 гектарға дәндік жүгері отырғызған.Сапары барысында Ж.Түймебаев аялдаған келесі нысан «Хаят Р.У.Ж.» ЖШС-нің аяқ киім фабрикасы болды. Түркиядан алып келген жаңа жабдығын 2 ай бұрын ғана іске қосқан фабрика, өнімін 2 есе арттырып, жылына 1 млн. жұп жаздық және қыстық аяқ киімдер шығаруда. Өндіріс орны импорт орнын басып Қазақстан нарығын қамтып жатыр. Жобаның жалпы құны 675 миллион теңгені құраса, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 миллион теңе несие алған.Сонымен қатар, әкім күні кеше іске қосылған «Нұрай» спорттық сауықтыру кешенін аралап көрді. Неміс технологиясы негізінде суды жылыту және тазалау жүйесімен қамтылған 25х10 метрлік бассейні бар кешен бір мезетте 100 адамды қамти алады. Сондай-ақ, фитнес залы, түрік хамамы және фин саунасы, спорттық тағамдар асханасы, теннис пен бильярд залы, караоке, 3 жұлдызды қонақ үйі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық кәсіпкерлер 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті
Қадір түні қарсаңында Мақтарал ауданында «Нұр-Мед» ЖШС-нің басшылары Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов қайырымдылық жасап, әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік таратты.Мақтарал аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Байдуллаев «Әлеуметтік қолдау – […]
ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясын ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды
Бүгінгі таңда, «Phoenix Global» компаниясының әлемдік ауыл шаруашылығын дамытуда да қосып отырған үлесі орасан. Аталмыш компания тек қана бидай егу ғана емес, күріш өсіру, өсімдік майын өндіру ісімен де айналысатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ фермерлік шаруашылықты […]
Мақтааралда ашылған әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығында психолог, теолог, заңгерлер қызмет етеді
Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығында 6 маман жұмыс жасайды. Олардың қатарында психолог, теолог, заңгерлер бар. «Бүгін ауданымыздағы алғашқы әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығын ашып отырмыз. Бұл бастаманың басты мақсаты — отбасында болатын зорлық-зомбылық пен түрлі жанжалдарға тосқауыл қою […]
Пікір қалдыру