Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жылына үш рет егін егіп, еліміздің солтүстік аймақтарын бау-бақша өнімдерімен қамтып отырған еңбекқор шаруалармен кездесті.Мырзашөл өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндаған аудан әкімі Ғалым Исмаилов биылғы жылы 131,4 мың гектарға егін егілгенін атап өтті. Оның ішінде 94 мың гектарға мақта егілген болатын. Сонымен қатар, 368,4 гектарына күнбағыс, 85 гектарға картоп, 24 мың гектардан астам жерге бақша өнімдері отырғызылған. Мұнан бөлек, 2417,3 гектар жерге көкөніс, 56 гектарға жүзім мен тағы басқа да өнімдер егілген. Мақтаралдық диқандар егілген 18,4 мың гектар қауыннан бүгінде 19 мың тоннадан астам бақша дақылын жинап үлгергенін айта кеткен жөн. Нақтырақ айтақанда, оның ішінде 70 пайызын шетелге экспорттаса, қалған 30 пайызын Қазақстан нарығына саудалаған. Бүгінде еліміздің солтүстік, батыс, шығыс өңірлері мен Алматы, Астана қалалары оңтүстік диқандарының бақша өнімдерін жеп отырғаны әмбеге аян.
Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан мақтааралдықтардың мәселелерін тыңдады
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан, Мақтаарал аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудан тұрғындарын қабылдады. Тұрғындар онкология және кардиология аурулары орталығын ашу, мәдениет үйлерінің ахуалын түзеу, мақта құртына берілетін химикаттардың сапасын түзеу, биолабараторияларды көбейту жөніндегі […]
МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БОЛЫП ӨТТІ
23-маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай, Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі болып өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметкер болғысы келетін аудан жастары қатысты.Мақтарал ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрбол […]
«Өрлеу» жобасына қатысқан мақтааралдықтардың табысы 4,3 есе өскен
Мақтарал ауданында «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп жатқан отбасылар көп. Биылдың өзінде 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобаның жемісін көріп отыр.«Өрлеу» жобасының арқасында қаржы алып, сауда дүкенін ашқан Гүлизар Менглисқызы бүгінде […]
Пікір қалдыру