Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар — Қазақстанның интеллектуалды болашағы» атты шахматтан аудандық турнир болып өтті.Жарысқа Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысып, ақтық кезеңге шыққан жастар финалдық кезеңде бақтарын сынады. Бұ жолғы шахмат турнирі ұлдар және қыздар арасында өтті. Сөйтіп тартысқа толы болған турнирдің жеңімпаздары да анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар арасында шахматтың айла тәсілдерін Бақытжан Оразқожадан артық меңгерген үміткер болмады. Екніш орын Абылайхан Хамзенің еншісіне жазылды. Ал, үздік үштікті Бекболат Шаңқыбайдың қорытындылағанын айта кеткен абзал.Қыздар арасында Ұлжалғас Жанзакова интелектуалдық тұрғыда шахматты өз қарсыластарынан анағұрлым артық меңгергенін дәлелдеді. Ал, Жайна Әшімнің Ұлжалғасқа жету үшін әлі біраз жаттығуы қажет секілді. Өйткені, Ұлжалғас бұжолы Жайнаға ұпай санымен қуып жете алмады. Нәтежиесінде екінші орынға тұрақтады. Үшінші орын болса, Аяулым Жақсылыққа бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар
АРЫСТА ДӘСТҮРЛІ ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу міндетін алға қойып отыр. Бұл үшін елде бұқаралық спортты барынша дамыту үшін қолдан келген жағдайлардың барлығы жасалып отыр.Осы мақсатта Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби […]
Мақтааралдық шаруалар Ресей мен Беларуске қырық қабат экспорттай бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін жинау науқаны басталды. Қазірдің өзінде егістік алқаптарда 58 бригада құрылып, онда 900-ден астам жұмысшы қырыққабат жинауға кіріскен. Алғашқы өнімнің легі еліміздің түрлі аймақтары мен Ресей және Беларусь еліне […]
Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни […]
Пікір қалдыру