Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданындағы 23 нысан — 230 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 6 нысан немесе 33 шақырым жол мен 4 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге біршама қаржы қаралған.Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, Бәйдібек ауданында 2018-2020 жылдары шамамен 3 жарым миллиардқа жуық теңгеге 30 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Аталған жоба аясында Шалдар, Жамбыл және Шаян елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-2 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Оған қоса, 2017-2018 жылдар аралығында ұзындығы 164 шақырымнан асатын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Ал, аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Шаян, Қазата, Ағыбет, Шақпақ, Кеңестөбе, Жарықбас, Алмалы, Ақтас, Жыланды Боралдай, Ақбастау және Бірлік елді мекендерінен өтетінін белгілі. Аталмыш жұмыстар жүзеге асқан таңда Бәйдібек ауданының инфроструктурасы біршама жақсарып, аудандағы көлік қатынасы едәуір жақсаратыны анық.
Ұқсас жаңалықтар
Ж.Түймебаев: Түркістанды үш бағытта дамытуға басымдық беріледі
Түркістан өңірін дамытуға бағытталған кез-келген жобаны барлық тараптан қолдауға дайын екенін айтқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, аймақты үш бағытта дамытуға басымдық берілгенін де жеткізді. Форумда Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев Түркістанның туризм […]
Былтыр Бәйдібекте 80-ге жуық нысанының құрылысы жүргізілген
Бәйдібек ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша аудан облыста алдыңғы қатарда келеді. «Өткен жылы аймақта 74 нысанның құрылысы жүргізілді. Былтыр 11519 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артқан. 2018-2020 жылдар аралығында […]
Түркістан облысында 18 мектептің құрылысы жүріп жатыр
Түркістан облысында 1 қыркүйектен бастап оқушылардың 92% қашықтан оқыту форматында білім алады. Бұл — өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында қолға алынып отырған шара. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінде […]
Пікір қалдыру