Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданындағы 23 нысан — 230 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 6 нысан немесе 33 шақырым жол мен 4 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге біршама қаржы қаралған.Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, Бәйдібек ауданында 2018-2020 жылдары шамамен 3 жарым миллиардқа жуық теңгеге 30 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Аталған жоба аясында Шалдар, Жамбыл және Шаян елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-2 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Оған қоса, 2017-2018 жылдар аралығында ұзындығы 164 шақырымнан асатын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Ал, аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Шаян, Қазата, Ағыбет, Шақпақ, Кеңестөбе, Жарықбас, Алмалы, Ақтас, Жыланды Боралдай, Ақбастау және Бірлік елді мекендерінен өтетінін белгілі. Аталмыш жұмыстар жүзеге асқан таңда Бәйдібек ауданының инфроструктурасы біршама жақсарып, аудандағы көлік қатынасы едәуір жақсаратыны анық.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі «Шаян» индустриалды аймағында іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты
Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы «Шаян» индустриалды аймағына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын аймақ бүгінде барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтылған. Ендігі мәселе — инвесторлар тартып, […]
ОҚО әкімі Шейх Халифаның Бәйдібекте ауданындағы құс өсіру орталығына барды
Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Бәйдібек ауданында Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығына барды. Айта кету керек құс шаруашылығы күн санап дамып келеді. Қазіргі таңда, 895 гектар жерді алып отырған кәсіпорын 3,5 млрд […]
Түркістан қаласында жыл соңына дейін 42 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі
Түркістан қаласында жыл соңына дейін 42 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 7 қабатты 24 тұрғын үй қыркүйек-қазан айларында ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан бұл үйлердің құрылысы уақытылы, әрі […]
Пікір қалдыру