Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Бәйдібек ауданында Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығына барды. Айта кету керек құс шаруашылығы күн санап дамып келеді. Қазіргі таңда, 895 гектар жерді алып отырған кәсіпорын 3,5 млрд теңге шетел инвестициясын тартып, дуадақ құсы түрінің басын 4 мыңға жеткізіп отыр. Бұдан жылына бюджетке 700 млн теңге салық төлейтін инвесторлар жобаның үшінші кезеңін іске асырып жатқанын айт кету керек.Бұл елімізде алғаш ашылған кәсіпорынға 2016-2018 жылдары жобаның үшінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 13 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылған. Егер үшінші кезең еңсерілсе, жылына 15 мыңға жуық дуадақ өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жұмысшылар санын 400-ге жетеді. Бүгінге дейін 895 гектар жер көлемін алып тұрған орталыққа 3,5 млрд. теңге шетел инвестициясы тартылып, ауданның 156 тұрғыны жұмыспен қамтылған.Сондай-ақ шетелдік кәсіпорын аудандағы 5 әлеуметтік нысанның құрылысын өз қаражатына жүргізуге ниет етіп отыр. Аталған кәсіпорынға арнайы барған облыс әкімі мұндағы арқарылған жұмыстарға да оң бағасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз бірінші ішкі туризмді дамытуымыз керек
Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сөз алып, өңірдегі туризм саласын дамыту мәселесіне кеңінен тоқталып кетті.Өңір басшысының айтуынша, облыстағы тарихи, […]
ОҚО әкімі опера және балет театрына автокөлік пен рояль музыка аспабын сыйлады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық опера және балет театрының ұжымын 10 жылдық мерейтойымен және кәсіби мерекемен құттықтап барып, өнер ұжымына рояль музыкалық аспабы мен «ГАЗель» автокөлігін сыйға тартты.Астана мен Алматыдан кейін ашылған еліміздегі […]
ОҚО әкімі Мақтааралдағы «Хамро ата» шаруа қожалығында семинар өткізуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Мырзашөл өңіріне барды. Ең алдымен облыс басшысы ерте көктемнен егінін егіп, мол өнім жинап Қазақстан мен шетел нарығына шығарып жатқан Мақтарал ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер А.Боевтың бау-бақшасымен танысты. Мұндағы […]
Пікір қалдыру