Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы «Шаян» индустриалды аймағына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын аймақ бүгінде барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтылған. Ендігі мәселе — инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашатын кәсіпорындарды шоғырландыру.«Индустриалды аймақтың мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отырсыздар. Әлі күнге мұнда кәсіпорын құру жұмыстары қолға алынбай келеді. Осы ретте аудан әкімінің жұмысына сын айтуға болады. Жыл соңына дейін нақты іске асырылатын жобаларды талқылап, алдағы жылы кәсіпорындарды тездетіп ашуды тапсырамын», — деді облыс әкімі.Мұнан соң өңір басшысы Ақбастау ауылдық округіндегі «Домалақ ана» кесенесі аумағындағы жібек өндіретін қожалықтың жұмысымен танысты. Жібек өндіруді қолға алған кәсіпорын бүгіннің өзінде сол маңға 140 мың түп тұт отырғызыпты. Биыл қожалық Шаян ауылынан «ОN –Бәйдібек» қолөнер орталығын ашып, жібектен кілем тоқу, киізден шұлық басу, қазақы ою-өрнектпен шапан тігу ісін де жандандырып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Ұлы жеңістің мерекесіне орай ұйымдастырылған меркелік шарада ардагерлерді биге шақырды
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты іс-шараны Оңтүстік жұртшлығы барша сән-салтанатымен өткізді. Іс-шарада облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ардақты ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтай келе, жүрек жарды лебізін жеткізді. Тіптен, мерекеге қатысып отырған қариялармен би билеп, көңілдерін […]
ОҚО әкімі 20 жасқа «Үздік жастар премиясын» табыстады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыс жастарының балы мен «Үздік жастар премиясы» салтанатты іс-шарасына қатысты. Жастардың арасында мәдениеттілік пен әдептілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған кеште облыс әкімі сөз алып, барша […]
ОҚО әкімі түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағының өкілдерімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағы мүшелерін қабылдады. Кездесуде тараптар сәулетшілік және қала құрылысы жобаларын әңгімелеп, түркі әлемінің ежелгі сәулет өнері ескерткіштерін сақтауға және оның бүлінуін болдырмау, құрылысты салу барысында […]
Пікір қалдыру