Созақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер Б.Пернебайдың ұйымдастыруымен «Мен әлемді кітап арқылы танимын» атты жастардың кешкілік уақытын тиімді пайдалануға арналған іс- шара болып өтті. Аталған іс- шара Сарыбаев Сабит, Сериков Сабит атты жас кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған болатын.Шараға ауыл жастары жоғары деңгейде ат салысып, жастарға арналған түрлі ойындар ойнатылып, әр түрлі деңгейдегі, әр ұлттың ұлттық өнерлері көрсетіліп, жастардың шығармашылықтары шыңдалды. Ауылдағы мобильдік кітапхана тарапынан жастарға арналған кітаптардан көрме де ұйымдастырылған болатын. Мәдени шараға ауыл жастары белсенді түрде қатысты. Әсіресе Ергешбай Алмас, Жайсаңбай Қожаахмет, Анарбаева Гүлназ сынды ауылдың жалынды жастары өте жоғары деңгейде ат салысты айта кеткен жөн. «Мен әлемді кітап арқылы танимын» шарасының жалпы мақсаты жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ауыл жастарының татулығын, ынтымақтастығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдаланып, әдебиетке баулу болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Теріскейде полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланды
23 маусым халық тыныштығын күзететін полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Құқық қорғау органы өкілдерінің төл мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Салтанатты шара барасында аудан әкімі Салыхан Полатов барша құқық қорғау қызметкерлерін кәсіби мерекесімен […]
Созақта жылына 10 мың тонна ас тұзы өнідіріледі
Теріскейдің индустриалды аймағында «Дархан-Ас» ӨК-нде «Йодталған ас тұзын шығаратын зауыт» жұмыс істейді. 2016 жылдың қараша айында іске қосылған зауытта бүгінгі дейін 1000 тонна өнім өндіріліп, өңіріміз бен көрші облыстарға жіберілуде. Мұндай мәліметпен БАҚ өкілдері Оңтүстік […]
Созақ ауданында «күй құдыреті» байқауы өтті
Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Сүгір Әліұлының 135 жылдығына арналған «Күй құдіреті» облыстық күйшілер байқауы өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан байқаудың мақсаты […]
Пікір қалдыру