Шымкент қаласындағы ақынның жырына сусаған халық бұл күнде «Отырар» кітапханасына қарай ағылды. Себебі, мұнда «Сырдың сыршыл ақыны» тақырыбымен Шардара ауданының түлегі, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Әлібек Шегебайдың кездесу кеші өткізілді. Сүткенттің сары баласы жастайынан-ақ поэзия әлемінің тереңіне қарай құлаш ұрып, бүгінде бүткіл қазақ елін мойындатып үлгерген еді.Кездесу кешінде Қасқыр Серікбаев, Нұрғали Ыбырайым сынды Шардараның шайырлары қаламдас інілеріне құтты болсын айта отырып, ізгі тілектерін жыр шумақтармен жеткізді. Шардара аудандық мәслихаттың депутаты, №16 колледждің директоры Зәкірхан Талбидин Әлібек ақынға ақ тілегін жеткізсе, аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов шардаралықтар атынан ақынның иығына оқалы шапан жапқанын айта кеткен жөн.Жерлестерінің ыстық ықыласы шабыт сыйлаған Әлібек Шегебай сахна үстінде тебірене жырларын оқыды. Өз оқырмандарына шексіз ризалығын білдірген ақын жаңадан жарық көрген кітаптарын көпшілікке сыйға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-тық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов, шардаралықтарға жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндіріп берді
Шардара ауданында өткен жер реформасы жөніндегі мәжіліс барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов жер кодексіндегі өзгерістер мен оны тиімді пайдалану жөнінде көпшіліктің пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, жиынға қатысушылардан қойылған түрлі сауалдарға жауаптар қайтарды.Сондай-ақ, […]
Елдікті жырлаған «Ақ әжелер»
Шардара ауданында құрылған «Ақ әжелер» ансамблін облыс жұртшылығы бүгінде жақсы біледі. Өйткені, олар Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен әжелер байқауының облыстық сайысында бас жүлдені талассыз жеңіп алған болатын. Қазіргі таңда, шардаралық әнші аналардың өнеріне […]
Шарадара ауданының прокуроры жастармен кездесті
Шардара ауданының прокуроры Өнер Әбдіхалықов Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде оқушы жастармен кездесу өткізді. «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуге аудан прокурорымен бірге аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева, […]
Пікір қалдыру