Шымкент қаласындағы ақынның жырына сусаған халық бұл күнде «Отырар» кітапханасына қарай ағылды. Себебі, мұнда «Сырдың сыршыл ақыны» тақырыбымен Шардара ауданының түлегі, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Әлібек Шегебайдың кездесу кеші өткізілді. Сүткенттің сары баласы жастайынан-ақ поэзия әлемінің тереңіне қарай құлаш ұрып, бүгінде бүткіл қазақ елін мойындатып үлгерген еді.Кездесу кешінде Қасқыр Серікбаев, Нұрғали Ыбырайым сынды Шардараның шайырлары қаламдас інілеріне құтты болсын айта отырып, ізгі тілектерін жыр шумақтармен жеткізді. Шардара аудандық мәслихаттың депутаты, №16 колледждің директоры Зәкірхан Талбидин Әлібек ақынға ақ тілегін жеткізсе, аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов шардаралықтар атынан ақынның иығына оқалы шапан жапқанын айта кеткен жөн.Жерлестерінің ыстық ықыласы шабыт сыйлаған Әлібек Шегебай сахна үстінде тебірене жырларын оқыды. Өз оқырмандарына шексіз ризалығын білдірген ақын жаңадан жарық көрген кітаптарын көпшілікке сыйға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-тық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов, шардаралықтарға жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндіріп берді
Шардара ауданында өткен жер реформасы жөніндегі мәжіліс барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов жер кодексіндегі өзгерістер мен оны тиімді пайдалану жөнінде көпшіліктің пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, жиынға қатысушылардан қойылған түрлі сауалдарға жауаптар қайтарды.Сондай-ақ, […]
ШАРДАРАДА ДӘСТҮРЛІ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Шардарада облыстық деңгейде спорттық іс-шара өтті. Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейінгі жылдары Шардара өңірінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқан еңбек ардагері Роман Қарсыбаевты еске алуға арналған армрестлингтен […]
Шардарадан 20 әлем чемпионы шыққан
Шардарада қол күрестен әлемдік деңгейдегі ең мықты спортшыларды тәрбиелеп шығарып отырған қол күрес мектебінің іргесі сонау 2001 жылы қаланған болатын. Содан бергі өткен 16 жыл аралығында осынау мектептен Шардараның атын шартарапқа танытқан көптеген палуандар шықты.2001-2017 […]
Пікір қалдыру