Шардара ауданында өткен жер реформасы жөніндегі мәжіліс барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов жер кодексіндегі өзгерістер мен оны тиімді пайдалану жөнінде көпшіліктің пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, жиынға қатысушылардан қойылған түрлі сауалдарға жауаптар қайтарды.Сондай-ақ, Достық ауылының әкімі Толыс Батыршаев, Шардара қаласы әкімінің орынбасары Бөгенбай Сүйет, Шардара аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тұшымды жауаптар алғанында айта кеткен жөн. Күн тәртібіндегі «Шардара ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған және жер реформасын түсіндіру бойынша атқарып отырған жұмыстары туралы» аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай баяндама жасады. Мұнан соң облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Тілеген, облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Мырзаев және басқа да сала мамандары қосымша баяндама жасады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы «Химфарм» компаниясы Өзбекстанға өз дәрілерін экспорттайтын болды
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрші елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысқанын айта кету керек. Іскерлік кездесуге Оңтүстік […]
ОҚО-да заңсыз тасымалмен күрестің жаңа әдісі қолданысқа енді
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары заңсыз тасымалмен күресудің ерекше жолын ойлап тапты. Ол үшін мамандар түрлі ауданаралық бағыттарда жолға шығып жүрген әрбір шағын автобусқа «Жолаушылар көлігі» деген жазуы бар облысымыздың логотипі мен тасымалдаушы […]
ОҚО-да журналистер спартакиадасы басталды
Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында […]
Пікір қалдыру