Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық режимде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 2017 жылдың 1 маусымына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Жиындағы алғашқы тақырып – 2017 жылдың 1 маусымына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Айтуынша, жыл басынан бері 5 айда біздегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 307,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеген. Өнеркәсіп өнімі облыстағы кен өндіру өнеркәсібіндегі уран өндірісінің 4,4 пайызға азаюынан орын алып отыр. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 112,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артыпты. Сонымен қатар, тиісті мерзім ішінде облысқа 137,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 46,4 пайызға көбейген.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Қазагрогрин» кәсіпорны топырақсыз жем-шөп шығаратын жаңа қондырғыны іске қосты
Бүгінде заман талабына сай, ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындап отырғаны анық. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін […]
ОҚО-да 7 сайлау округінде мәслихат депуттарының қайта сайлау науқаны аяқталды
Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттағы бос орындарға сайлау өтті. Өңірдегі жеті сайлау округіне келген дауыс берушілер өз таңдауын жасады. Сайлауды әзірлеу және өткізу барысында комиссиясының атына ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Бүгін бұл туралы ОҚО […]
ОҚО-да төлебилік бағбан интенсивті жаңа технологиямен тастақты жерде жүзім өсіруде
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Тасарық ауылында жүзім өсіру ісі қолға алынды. Жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев тастақ жерді тиімді пайдаланып, 2016 жылы жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Ал биыл қосымша 10 гектар жерге 16 […]
Пікір қалдыру