Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген аудандардың көшбасын Ордабасы, Созақ аудандары мен Кентау қаласы бастап тұр. Ал ауыл шаруашылығы өнімі төмен аудандарға Ордабасы (5,9%) мен Шардара (1,4%) еніп отыр. Бұл өңірлерде, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдерінің кемуі де орын алған. Оңтүстікке бағытталған инвестиция көлемінің ұлғаюы Шымкенттегі мұнай өндіру зауытын жаңғырту, Бәйдібек ауданында питомниктің құрылысын жүргізу, Түлкібас ауданында Састөбе цемент зауытының цехтарының кеңейту жұмысына тартылған инвестиция жұмыстарының есебінен орын алса, бірқатар аудан, қалаларда — Арыс (28,7%), Кентау (54,7%), Қазығұрт (71,8%), Мақтарал (56,7%), Отырар (59,2%), Сарыағаш (80,3%), Төлеби (96,5%) және Шардарада (36,6%) инвестицияның көлемі төмендеген.«Ағымдағы жылдың 4 айында облыстың әлеуметтік-экономикалық өсім қорытындыларын талқылаған кезде Арыс, Қазығұрт, Мақтарал, Сарыағаш аудандарында инвестиция көлемі кеміген болатын. Алайда, инвестицияны тарту жұмыстарын жақсарту туралы тапсырма берілгеніне қарамастан бұл аудан, қалаларда жағдай бүгінгі күнге дейін жақсармаған. Одан бөлек, 5 айдың қорытындысымен жоғарыда аты аталған аудандармен бірге Кентау қаласы мен Шардара, Отырар, Төлеби аудандарында инвестиция көлемі кеміген. Атап айтқанда, былтырғы жылдың 5 айымен салыстырғанда инвестиция көлемі Арыста — 71,3 пайызға кеміген, Шардарада – 63,4%-ға, Кентауда – 45,3%-ға, Мақтаралда 43,3%-ға, Отырарда – 41%-ға, Қазығұртта — 28%-ға, Сарыағашта — 20%-ға, Төлебиде — 4%-ға кеміген», — деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жылына 50 тонна жібек өндірілетін болады
Бұл жөнінде Бәйдібектегі Ақбастау ауылында «Тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңесте мәлім болды.«Жібек өндірісі — әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы ол […]
ОҚО СЕЙСМИКАЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ САМАН ЖӘНЕ ҚАМ КІРПІШТЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігі 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ-не сәйкес, сейсмикалық аудандарға жатады және құрылыс алаңшаларының сейсмикалығы 7-8 балды құрайды. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы міндетті түрде жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Жеке […]
ОҚО агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамытуды көздеп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту ісін қолға алды. Осы мақсатта өңірге Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған 50-ге жуық ғалымдар мен профессорлар арнайы келіп, семинар кеңес өткізді. Ондағы мақсат […]
Пікір қалдыру