Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық режимде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 2017 жылдың 1 маусымына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Жиындағы алғашқы тақырып – 2017 жылдың 1 маусымына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Айтуынша, жыл басынан бері 5 айда біздегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 307,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеген. Өнеркәсіп өнімі облыстағы кен өндіру өнеркәсібіндегі уран өндірісінің 4,4 пайызға азаюынан орын алып отыр. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 112,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артыпты. Сонымен қатар, тиісті мерзім ішінде облысқа 137,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 46,4 пайызға көбейген.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО: Арыста 600 га жер жаңбырлатып суғару әдісімен суғарылуда
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласына тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл әдіс арқылы шаруалар ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін де арттыруда. Осындай жаңа технологияны ендіріп, 600 гектар […]
ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы оқушыларды «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға шақырды
Шымкенттегі №7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектеп-лицейдің бір ғасырлық тарихы бар. Келер жылы бұл білім ошағы 100 жылдығын атап өтпек. Күні бүгінге дейін, білім ұсянынан ел басқарған министрлер мен облыс басқарған әкімдер, қоғам және мемлекет қайраткерлері түлеп […]
ОҚО ғалымдары латын әліпбиіне көшу әдістемесін жасауға қатысады
Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талықалауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып […]
Пікір қалдыру