Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни-1,5 млрд теңгесі «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінді.Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа 3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд.тенге қосылып жалпы 4,5 млрд. тенгені құрады. Бұл дегеніміз банктерден шамамен 37 млрд. тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы соммаға несие алуға мүмкіндік бар.«Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге өңірді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Біз барлығымыз сол тапсырмаларды орындауға міндеттіміз. Сондықтан да кәсіпкерлікті және әлеуметтік салаларды дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр. Ал, Шымкенттегі 4 үйдің құрылысын жалғастыруға 554,3 млн. теңге қарастырдық. 4 ауыз су және 2 кәріз нысандарының құрылысына 495 млн. теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы Бозарық 1,2,3 тұрғын үй алабын электрмен қамтамасыз ету құрылысын жалғастыруға 200 млн. теңге жұмсайтын боламыз», — деді Ж. Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Қазақинвест» АҚ Ұлттық компаниясының өңірлік өкілдігі жұмыс істейтін болады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақинвест» АҚ Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Бижан Қанешовпен кездесті. Әңгіме барысында Бижан Бисекенұлы облыс әкіміне «Қазақинвест» АҚ Ұлттық компаниясының Оңтүстік Қазақстан өңірлік өкілдігінің басшылық құрамын таныстырды. Бұдан былай аталған […]
ОҚО әкімі Жизақ облысының әкімі бастаған делегациямен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының әкімі Улугбек Узаков бастаған делегациямен кездесті. Жизақ облысының іскер топтарының өкілдері мен ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев пен Өзбекстан мемлекетінің Қазақстандағы […]
ОҚО 400 мегабайт электр қуатын тұтынады
Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттің энергетика саласының көкейкесті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы энергетика ардагерлерінің форумы өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев еліміздегі жаңғырмалы энергия көздерінің қазіргі жағдайы және […]
Пікір қалдыру