Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни-1,5 млрд теңгесі «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінді.Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа 3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд.тенге қосылып жалпы 4,5 млрд. тенгені құрады. Бұл дегеніміз банктерден шамамен 37 млрд. тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы соммаға несие алуға мүмкіндік бар.«Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге өңірді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Біз барлығымыз сол тапсырмаларды орындауға міндеттіміз. Сондықтан да кәсіпкерлікті және әлеуметтік салаларды дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр. Ал, Шымкенттегі 4 үйдің құрылысын жалғастыруға 554,3 млн. теңге қарастырдық. 4 ауыз су және 2 кәріз нысандарының құрылысына 495 млн. теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы Бозарық 1,2,3 тұрғын үй алабын электрмен қамтамасыз ету құрылысын жалғастыруға 200 млн. теңге жұмсайтын боламыз», — деді Ж. Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ға «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 миллиард бөлінген
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында […]
ОҚО-да құрылысшылар күнінде 40 жуық сала маманы марапатталды
Құрылысшыларды төл мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласына еңбегі сіңген үш азамат ҚР Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне ие болса, бір адам «Құрметті жолшы» […]
Жыл басынан бері ОҚО-ға келген туристер саны екі есеге жуық артқан
2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келгенін айта кеткен жөн. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) […]
Пікір қалдыру