Құрылысшыларды төл мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласына еңбегі сіңген үш азамат ҚР Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне ие болса, бір адам «Құрметті жолшы» төсбелгісін, бес азамат аталған министрліктің Алғыс хатын алды. Он үш сала маманына өңір басшысының Грамотасы берілсе, бес азамат әкімнің Алғыс хатымен наградталды. Сонымен қатар, бұл күні 40-қа жуық құрылыс саласына қатысты азаматтар марапатталып, ел адындағы мерейі үстем болғанын айта кеткен жөн. Жалпы, 2017 жылы облыс аумағында 209 әлеуметтік нысан құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына 64,9 млрд.теңге қаралды. Сондай-ақ жыл соңына дейін 116 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Ұлттық қордан – «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 мектеп құрылысын жүргізуге 17,4 млрд.теңге бөлінсе, 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті биыл пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі күнге 5 мектеп тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да сұйылтылған газ бағасы арзандады
Оңтүстік Қазақстан облысында сұйытылған газ бағасы арзандады. Сондай-ақ өңірге бөлінетін сұйытылған мұнай газының көлемі 11 500 тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі уәкілетті органмен бірлесіп жүргізген жұмыстарының арқасында қол жетізіліп отыр. Осы жұмыстардың […]
ОҚО-да аэровизуалды жұмыстарын жүргізуге қазынадан 32 миллион теңге қарастырылған
Таулы алқаптардағы мұздақ көлдердің бүгінгі жай-күйі туралы Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі өтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалының директоры Ербол Әлзақ, облыс басшысына бірқатар өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтыунша, […]
ОҚО-да электронды ақпараттық құрылғымен жабдықталған жедел жәрдем көліктері пайда болмақ
Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа […]
Пікір қалдыру