Таулы алқаптардағы мұздақ көлдердің бүгінгі жай-күйі туралы Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі өтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалының директоры Ербол Әлзақ, облыс басшысына бірқатар өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтыунша, өткен жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыстың таулы аймақтарында 40 мұздақ көлдің бар екені анықталған. Оның ішінде 7-і көмілген көлдер санатына жататынын айта кеткен жөн.«Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Қаржантау, Өгем және Майдантал таулы жоталарына биыл 1 рет аэровизуалды және 4 рет жерүсті зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша мұздық көлдерден төніп тұрған қауіп жоқ екендігі анықталып отыр», — деді Е. Әлзақ. Ағымдағы жылға облыс бюджеті тарапынан аэровизуалды жұмыстарын жүргізуге 32 млн. теңге қарастырылса, бүгінгі күнге оның 19 млн. теңгесі игерілген. Мәжіліс барысында өңір басшысы облыс аумағындағы тасқын судың алдын алу, өзен-көлдер мен бөгеттердің қазіргі ахуалын бақылау, тау бөктеріндегі мұздақ көлдерді бақылау бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да қаракөл терісі Италияға экспортталады
Оңтүстік Қазақстан облысында қаракөл қой тұқымын көбейту жұмыстары қарқынды түрде қолға алынуда. Өйткені шаруалар қаракөл қойынан келер табыстың мол болатынын айтуда. Негізінен қаракөл шаруашылығын шөл және шөлейітті аймақтарда көбейтіп, дамыту қолайлы болып келеді. Сондықтан да […]
ОҚО өнерпаздары Түркияда VIII «Халықаралық Рамазан» фестиваліне қатысып қайтты
Түркия мемлекетінде VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында өткен «Қазақстан кеші» концертіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер тартуын арқалап 36 өнерпаз барып келді. Аталған делегаттардың топ жетекшілерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.Баспасөз конференциясына қатысқан облыстық мәдениет […]
Жыл жемісі: ОҚО-да биыл 87 елді мекеннің электр жүйлері жаңғыртылды
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңартылатын — күн, жел, су энергиясын пайдаланатын жобалар кезең-кезеңімен іске асырыла бастады. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен биыл Сайрам және Қазығұрт аудандарында екі шағын су электр станциясы мен Шымкент қаласында […]
Пікір қалдыру