Оңтүстік Қазақстан облысындағы биік таулы аймақтарында 40 мұздақ көл анықталып отыр. Ал олардың еруінен құралатын Өгем өзенін үш ауданда тұратын 700 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы ретте Өгем трансшекаралық өзенге жататындықтан Өзбекстанмен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, суды бірігіп пайдалануға қол жеткізілген болатын. Ендігі мәселе – ауыз су тартуға бағытталған жобаны іске асыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлау керек. Бүгін бұл туралы 3340 — 3500 метр биіктіктегі Өгем жотасының Ақсу тауындағы өзен сулар мен мұздақ көлдердің жағдайын тікұшақпен шолып шыққан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Ең алдымен облыс әкімі мінген тікұшақ Бадам өзенін бойлай ұшып, Төлеби, Түлкібас аудандарындағы таулы алқаптарды барлап шықты. Сөйтіп, таулы алқаптардағы мұздақ көлдер үстімен әуеден шолу жасады. Таулы төбесіндегі көлде облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда өңіріміздегі тасқын судың алдын алу, қосымша шағын қоймалардың құрылысын жүргізу, Өгем өзенінің суын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов өзен-көлдердегі тасқынның алдын алу шараларының барысына тоқталды. «Облыс аумағындағы өзен-көлдерде 86,95 шақырымдық қорғаныс дамбалары орнатылған. Бүгінде олардағы қауіпсіздік жағдайлары жіті қадағалауда», — дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да алдағы 4 жылда 84 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмақ
Алдағы жылы оңтүстікте ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 802,5 мың гектарға ұлғайтылатын болады. Сондай-ақ, алдағы 4 жылда 209 мың 700 тұрғыны бар 84 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, облысымызда жаңартылатын энергия […]
ОҚО-да 500 мыңға жуық адам жаңа орталықтандырылған су жүйесіне қосылған
Оңтүстік Қазақстан облысында 2011-2016 жылдары 73,9 млрд.теңгеге 268 нысанның құрылысы жүргізіліп, 178 елді мекендегі 469 мың адам жаңа орталықтандырылған су жүйелерімен қамтылған. «Халықты ауыз сумен қамту бойынша біздің облыстың көрсеткіші республикада қалалар бойынша 92,9 пайыз, елді […]
Төлебиде ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, Тағайна елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысының жұмысын көрді. 2018 жылдың мамыр айында бастау алған жұмыс 1539 тұрғыны бар елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігін берді. Зағамбар […]
Пікір қалдыру