Түркия мемлекетінде VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында өткен «Қазақстан кеші» концертіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер тартуын арқалап 36 өнерпаз барып келді. Аталған делегаттардың топ жетекшілерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.Баспасөз конференциясына қатысқан облыстық мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғ. Шарафиева, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі С.Әбдірайымова, облыстық опера және балет театрының директоры Ә.Нұрмаханбетов бауырлас ел ыстық ықыласпен қарсы алғандарын айтып, өз әсерлерімен бөлісті.«Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Кечиөрен муниципалитеті мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған қос ел арасындағы мәдени байланыс Анкара, Адана, Мерсин, Ыстанбұл қалаларында кең көлемді концерттік бағдарламамен ерекшеленді»,- деді Ғ.Шарафиева.Бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында қолға алынған айтулы шарада өнер көрсеткен ел өнерпаздарына Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және аталған мемлекеттің мәдениет басшылары айрықша қолдау білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте жастар театры бар
Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Жастар театры» құрылды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған өнер ордасы өскелең ұрпаққа сахна мәдениеті мен сахна […]
ОҚО-да iрi қара саны 925 мыңды құрады
Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы, тәуелсiздiк алғаннан бергi жылдары мал басы, оның iшiнде iрi қара саны әжептәуiр көбейдi. 1991 жылы облыстағы iрi қараның саны 464 300 болса, 2016 жылы ол 815 мыңға жеттi. Ал, биыл 10 […]
Оңтүстікқазақстандықтар Астанада «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» мерекелік концертін берді
Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы бірінші күні «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» мерекелік концертін қойды. Концертте ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Таженова «Домбыра туралы баллада» орындаса, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблі заманауи шығармалар […]
Пікір қалдыру