Оңтүстік Қазақстан облысының 2017 жылға арналған бюджет көлемі жалпы 507,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 млрд. теңгеге өсті. Негізінен мұнда облыстың әлеуметтік, экономикалық маңызды салаларына қажетті қаржы бөлінді. Атап айтсақ, облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу үшін 389,4 млн. теңге , аймақтағы 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748,2 млн. теңге қарастырылып отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни-1,5 млрд теңгесі «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінді.Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа 3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд.тенге қосылып жалпы 4,5 млрд. тенгені құрады. Бұл дегеніміз банктерден шамамен 37 млрд. тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы соммаға несие алуға мүмкіндік бар.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ды биыл 60 жуық елдімекен көгілдір отынмен қамтылады
Жыл санап Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 900 ге жуық елдімекен болса, соның 300-не газ құбыры тартылған. Яғни, түстікте көгілдір отын мәселесі әл күнге өзекті. Дегенмен, бұл мәселе жыл санап өз шешімін тауып келе жатыр. […]
ОҚО-да М.Айтжановтың «ЭКСПО» әнінің тұсауы кесілді
Шымкентте мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Онда еліміздің мәдениет және руханият саласына еңбегі сіңген бір топ өнер және әдебиет қайраткерлеріне өңір басшысының арнайы сыйлықтары тапсырылған […]
ОҚО-дағы «Химфарм» компаниясы Өзбекстанға өз дәрілерін экспорттайтын болды
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрші елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысқанын айта кету керек. Іскерлік кездесуге Оңтүстік […]
Пікір қалдыру