Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда Қазығұрт ауданындағы «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің шынайылығына жүргізілген тексерулердің қорытындысы талқыланды.Алқа мәжілісіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік кірістер органдары мен басқа да уәкілетті және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Алқа мәжілісінде баяндама жасаған облыстық прокуратурасының бірінші басқарма басшысы Рүстем Дүйсенбаев отырғандардың назарын ауыл шаруашылық кешенін дамыту бағдарламасының тиімділігіне кері әсер еткен субсидия бөлу процедураларының бұзушылықтарына аударды. Сондай-ақ ол шаруаларға жасалған әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдыққа, қажеттілікті дұрыс қалыптастырмау және бюджет қаржысын тиімсіз жарату мәселелеріне тоқталды.«Ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесі бойынша прокурорлармен соммасы 1,7 млрд теңгені құрайтын мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталып, 26 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек, мемлекеттен көрсетіліп жатқан үлкен жәрдемге қарамастан жұмыссыздықпен күрес тәсілдері ретінде агроөнеркәсіпті қолдаудың құралдары тиісті дәрежеде пайдаланбауда. Қазығұрт ауданында қылмыс санының 7 пайызға өскендігі және қылмыс жасаған тұлғалардың 63 пайызы жұмыссыз екені анықталып отыр», — деді Рүстем Тілешұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кеңейтілген отырысы өтті
Оңтүсті қазақстан облысында Тимур Құлыбаев тың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, аймақтық кеңес мүшелері, әулетті мекеме жетекшілері, бизнес-қауымдастықтар, банктер және […]
ОҚО-да кеденді төлемдер мен салықтардан 51 миллиард теңге түскен
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқарып келеді. Осы субъектілерден ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд. теңге көлемінде салық түскен. Елбасы тапсырмасына орай, облыстық Мемлекеттік […]
ОҚО-да 870 мыңға жуық адамның әлеуметтік мәртебесі анықталған
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде міндетті әлеуметтік – медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстарының барысы талқыланды. Облыс денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Мұқан Егізбаевтың мәлімдеуінше штаб шүшелері 838 кездесу ұйымдастырған. «Емханаға тіркел де – әлеуметтік медициналық сақтандыру […]
Пікір қалдыру