Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқарып келеді. Осы субъектілерден ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд. теңге көлемінде салық түскен. Елбасы тапсырмасына орай, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан салықтық тексерулер саны 2017 жылы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 пайызға кеміген. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 100 пайызға орындалып, 51 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып келеді. Мұнан өзге, облыстың сыртқы тауар айналымы ағымдағы жылдың осы кезеңінде 1 млрд. 438 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде тауар экспорты 5 пайызға, ал тауар импорты 36 пайызға көбейген.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы Ханқорған қалашығы аспан астындағы музейге айналмақ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ханқорған қалашығында алдағы уақытта толық археологиялық қазба рестоврация және консервация жұмыстары жүргізілмек. Аталмыш жұмыстар атқарылғаннан кейін қалашық ашық аспан астындағы музейге айналатын болады. Бүгін бұл туралы Сайрам ауданындағы Ханқорған қалашығының басына көтерілген […]
ОҚО-да оқушы ісік ауыруынан емдейтін дәрі жасап шықты (видео)
Аделя Кеутаева Шымкент қаласындағы зияткерлік мектебінің 11 сыныбында оқиды. Ол оқу барысында көп іздене келе жусанды шөбін зерттеі бастайды. Мақсаты жусаннан дәрі сығындысын жасау болатын. Оған себеп, табиғи шөптің құрамы дәрумендерге бай келеді. Оның үстіне […]
ОҚО-да есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны мыңнан асады
Оңтүстік Қазақстан облысында есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны 1281. Мұнан бөлек ескі сәулеттік ескерткіштер 218, археологиялық ескерткіштер 1063 құрап отыр. Сонымен қатар, өңірде бұдан басқа да зерттелмегендері баршылық екен. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы […]
Пікір қалдыру