Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда Қазығұрт ауданындағы «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің шынайылығына жүргізілген тексерулердің қорытындысы талқыланды.Алқа мәжілісіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік кірістер органдары мен басқа да уәкілетті және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Алқа мәжілісінде баяндама жасаған облыстық прокуратурасының бірінші басқарма басшысы Рүстем Дүйсенбаев отырғандардың назарын ауыл шаруашылық кешенін дамыту бағдарламасының тиімділігіне кері әсер еткен субсидия бөлу процедураларының бұзушылықтарына аударды. Сондай-ақ ол шаруаларға жасалған әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдыққа, қажеттілікті дұрыс қалыптастырмау және бюджет қаржысын тиімсіз жарату мәселелеріне тоқталды.«Ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесі бойынша прокурорлармен соммасы 1,7 млрд теңгені құрайтын мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталып, 26 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек, мемлекеттен көрсетіліп жатқан үлкен жәрдемге қарамастан жұмыссыздықпен күрес тәсілдері ретінде агроөнеркәсіпті қолдаудың құралдары тиісті дәрежеде пайдаланбауда. Қазығұрт ауданында қылмыс санының 7 пайызға өскендігі және қылмыс жасаған тұлғалардың 63 пайызы жұмыссыз екені анықталып отыр», — деді Рүстем Тілешұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да алдағы жылы 30 шағын су қоймасының құрылысы басталмақ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы отырысының кезекті мәжілісі өтті. Жиынға комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдері мен жауапты баскарма басшылары қатысты.Күн тәртібінде су тасқыны қауіпін алдын алу және […]
Cозақта әдеп жөніндегі кеңес мүшесі көшпелі кездесу өткізді
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Созақ ауданына жауапты Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры А. Ахметов, Қазақстан […]
ОҚО-да 847 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілген
Оңтүстік Қазақстан облысында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету жайын баяндаған аймақ басшысының орынбасары бұл мәселенің де алда түбегейлі шешілетінін айтты. Нақтырақ айтқанда, Ұласбек Сәдібеков тамыздың 20-на дейін барлық мектептер қажетті кітаппен қамтылатынын мәлімдегенін айта кеткен жөн.«Жаңартылған […]
Пікір қалдыру