6-шілде — ел аумағында айрықша мереке! Елордамыз Астананың туған күні! Айтулы датаны шымкенттік шәкірттер ерекше көңіл-күйде атап өтті десек болады. Алдымен қала тұрғындарына мерекелік құттықтау тілектерін жолдады. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңына орналасқан «Шымкент Плаза» сауда үйінің алдында белсенді топ флэшмоб биін билегенін де айта кеткен абзал.Аталмыш мәдени шараға бір емес, 200-ге жуық оқушы жұмылдырылды. Мерекелік шараға келгендер арнайы дайындалған би-қойылымды тапжылмай тамашалап, жерлестеріміз таңданыстарын жасырған жоқ. Сонымен қатар, орталық саябаққа жиналған шәкірттер Астанаға деген рухани сый-тартуын дайындағанын да айта кету керек.Нақтырақ айтқанда, жас қылқалам шеберлері Бас қаладағы сәулеті мен сәні келіскен ғимараттардың бедер-бейнесін және қазіргі «Ехро-2017» халықаралық көрмесіндегі ұсынылған тың туындыларды көптің алдында тосылмай, 40 мольбертте салып шықты. Мұнан соң, осынау мерекелік іс- шараның соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласып, жастар бар өнерін ортаға салды!
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ
Шырайлы Шымкент қаласы 2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы атанатын болады. Биыл миллионды қалаға айналуды көздеп отырған шымқалаға мұндай дәреже беру туралы шешім Өзбекстан астанасы Ташкентте ТМД елдерінің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті […]
Шымкенттен шығатын трансформаторлар ТМД елдеріне экспортталмақ
Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Asia Trafo» ЖШС-нің трансформатор зауытында құрастырылған қуат реттегіштер ТМД елдеріне экспортталатын болады. Өйткені, ол трансформаторлардың сапасы өте жоғары, бәсекеге қабілетті болмақ.Оның үстіне зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын қанағаттандырады […]
В Шымкенте на железнодорожном вокзале усилены санитарные требования
В Шымкенте на железнодорожном вокзале усилены санитарные требования.В третьем мегаполисе страны на железнодорожном вокзале усилен режим против коронавируса. В соответствии с требованиями проводятся социальные расстояния, масочный режим, проход пассажиров между вагонами. А температура тела пассажиров […]
Пікір қалдыру