3 шілде күні Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара болып өтті. Атаулы шараға көне шаһардың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру болатын. Сонымен қатар, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Атаулы шарада Түркістан қаласының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсеткенін айта кеткен жөн. Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Искаков мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, қорық-музей атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда түркі әлемінің қаламгерлері бас қосты
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымына мүше елдер ақын-жазушыларының кездесуі және кітап көрмесі Түркістан қаласында тарихи-мәдени этнографиялық орталықта өтті. Ақын-жазушылар кездесуінің мақсаты — түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, […]
Түркістанда бір компанияның 100 қызметкері Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне жол тартты
ЭКСПО билеті сатылымға шыққан кезде алғаш болып облыстық мәслихат депутаты, Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы Р.Тәңірбергенов 500 билет сатып алған болатын. Енді «Жолаушы» ЖШС-нің 100 қызметкері ЭКСПО алаңын аралауға мүмкіндік беретін жолдаманың шарапатын көруде. Бүгін […]
«ЯСАУИТАНУ-2017» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістанда биылғы жыл «Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы» атануына орай Мəдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркі əлемінің жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» Халықаралық байқауы өтті. […]
Пікір қалдыру