3 шілде күні Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара болып өтті. Атаулы шараға көне шаһардың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру болатын. Сонымен қатар, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Атаулы шарада Түркістан қаласының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсеткенін айта кеткен жөн. Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Искаков мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, қорық-музей атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық «Алтын сақа»анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды.Түркі әлемінің «Алтын сақа» анимациялық фильмдер […]
Түркістанда құрылыс нысандары мен өндіріс ошақтарының жұмыстары сараланды
Түркістанда биыл тағы да 8 үйдің құрылысы жүргізілуде. Таяуда 500-ге тарта отбасына қуаныш сыйлайтын «Отырар» мөлтек ауданындағы жаңа үйлердің құрылыс барысымен танысқан қала басшысы жауапты тұлғаларға сапаға мән беруді тапсырып, тұрғын үй нысандарының инфрақұрылымын барынша […]
Шымкенттік оқушылар Астана күнін айрықша атап өтті
6-шілде — ел аумағында айрықша мереке! Елордамыз Астананың туған күні! Айтулы датаны шымкенттік шәкірттер ерекше көңіл-күйде атап өтті десек болады. Алдымен қала тұрғындарына мерекелік құттықтау тілектерін жолдады. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңына орналасқан «Шымкент Плаза» сауда […]
Пікір қалдыру