Бүгін Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды. Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен ҚР Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев қатысты.Өңір басшысы қос мемлекет жұртшылығын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, Өзбекстан мен Қазақстан Республикалары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи қатынастарды жандандырып, туысқан екі ел арасында мәңгілік алтын көпір болатынына сенім білдірді.«2006 жылы жабылған осы жолдың қайта ашылуына екі ел Президенттерінің келісімі нәтижесінде қол жеткізілді. Жыл басынан бері екі ел арасындағы экономикалық ахуал жандана түсті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзеевтің жаңа бастамалармен тығыз байланысты күшейтуі аймақтардың дамуына зор серпіліс әкелді. Екі ел жетекшілерінің Астана қаласы мен Сарыағаштағы кездесулері, елордадағы Өзбекстан бизнес-форумы, мамыр айында Шымкент қаласында өткен Ташкент қаласы тауар өндірушілерінін жәрмеңкесі соның нақты айғағы»,- деді Ж. Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
Күлмира Асанқызы: Латын әліпбиіне көшу біздерді өркениетке жетелетін тиімді әрі оңтайлы жол
Оңтүстік Қазақстан облысында білім саласының қызметкерлері семинарда бас қосып, латын әліпбиіне көшу мәселесін кеңінен талқыға салды. «Бүкіл қоғам болып талқылап жатырған мәселені білім ұясының ұстаздар қауымы мен мектеп шәкірттері «дөңгелек үстелде» талқылаған тұста, жастарымыздың осы мәселеге […]
ОҚО-дан Астанаға 262 тонна көкөніс керуені жол тартты
Астанада 13-14 мамыр аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері құны 135,6 млн теңге болатын 262 тонна көкөніс керуенін Астанаға жөнелтті. […]
ОҚО агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамытуды көздеп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту ісін қолға алды. Осы мақсатта өңірге Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған 50-ге жуық ғалымдар мен профессорлар арнайы келіп, семинар кеңес өткізді. Ондағы мақсат […]
Пікір қалдыру