Бүгін Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды. Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен ҚР Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев қатысты.Өңір басшысы қос мемлекет жұртшылығын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, Өзбекстан мен Қазақстан Республикалары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи қатынастарды жандандырып, туысқан екі ел арасында мәңгілік алтын көпір болатынына сенім білдірді.«2006 жылы жабылған осы жолдың қайта ашылуына екі ел Президенттерінің келісімі нәтижесінде қол жеткізілді. Жыл басынан бері екі ел арасындағы экономикалық ахуал жандана түсті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзеевтің жаңа бастамалармен тығыз байланысты күшейтуі аймақтардың дамуына зор серпіліс әкелді. Екі ел жетекшілерінің Астана қаласы мен Сарыағаштағы кездесулері, елордадағы Өзбекстан бизнес-форумы, мамыр айында Шымкент қаласында өткен Ташкент қаласы тауар өндірушілерінін жәрмеңкесі соның нақты айғағы»,- деді Ж. Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі өңірдегі мектеп құрылысы мәселесін май шаммен қарады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңірдегі аудан, қалаларда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы кеңінен талқыланды. Оған өзіндік себеп бар. Өйткені, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтің айтуынша Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандары мен Шымкент қаласындағы мектеп құрылысында […]
ОҚО-ның аудандарында модульді ет цехы іске асырылып жатыр
Бүгінде Оңтүстікте кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, кәсібін ашуға қол байлауды болдырмау мақсатында «Оңтүстік» инвестициялық орталығы мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бірлесіп, «Дайын бизнес» деген жаңа бағдарламаны іске асырмақ. Бағдарламаның басты ерекшелігі — кәсіпкерден аванс ретінде […]
Джулия Валлезе: Біз мән беретін негізгі мәселенің бірі – ана мен бала денсаулығын сақтау
ОҚО әкімімен кездесу барысында БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлезе қордың ана мен баланың репродуктивті денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік пен демографиялық мәселелерді қамту салаларындағы негізгі миссияларын баяндап берді.«Біз мән беретін негізгі мәселенің […]
Пікір қалдыру