Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің Сенатына депутат болып өңірімізден жақында сайланған Әлімжан Құртаев қатысты. Саладағы жұмыстардың атқарылу барысын баяндаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың мәліметінше, 2017 жылы өңірде құрылысы жоспарланған 196 нысанның 121-ін пайдалануға тапсыру көзделсе, қалғаны келер жылға өтпелі екен. Ел игілігіне берілетін нысандардың 29-ы білім беру нысаны болса, 34-і денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 3-уі мәдениет саласына байланысты, ал 42 нысан 61 тұрғын үй ғимараттарына жатады. Сонымен бірге, 8 объекті инженерлік инфрақұрылымға, 1 нысан моноқалаға, 1-уі ауыл шаруашылығы, 1-уі абаттандыру саласына қатысты және 1-уі қоршаған ортаны қорғау нысандарына жататын ғимараттар болып табылады. Ал жыл басынан бері осы 121 нысанның 15-і қолданысқа берілген. Олардың 5 нысаны білім беру объектісі, 4-уі денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 1-уі тұрғын үй болса, 1-уі қоршаған ортаны қорғау және 3-уі инженерлік-коммуникациялық нысандар.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы №3 ОРМБЖСМ-де шыңдалған шәкірттер жарап тұр
Оңтүстік Қазақстан облысында Спорт саласының білікті маманы Дүйсен Мергенбаев басқаратын олимпиада мектебі жарап тұр. Жуырда осы мектептің карате шеберлері Астанада өткен Азия чемпионатынан жүлдемен оралған болатын. Енді міне, тағы да чемпиондар қатары толыға тұсті.Атап айтқанда, […]
ОҚО тұрғындарының 90 пайызы ауыз сумен қамтылған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің 73,2 % ауыз сумен қамтылған. Яғни, жергілікті халықтың 90 % бүгінде таза су ішіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Республикада оңтүстік 4 орында тұр. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылданып жатыр. Алдағы […]
ОҚО-да «Жас кәсіпкер» жобасы қолға алынды
Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі жастарды кәсіпке баулу және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған «Жас кәсіпкер» жобасының таныстырылымы өтті. Айта кету керек, өңірдегі ортан және шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынып отырған […]
Пікір қалдыру