Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты.Облыста күн, жел, су энергиясының әлеуеті жоғары екенін айтқан әкім, дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңа энергетиканы да дамыту қажеттігін атап өтті.«Өздеріңізге белгілі, биыл Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі техникалық жетістіктермен, жаңғырмалы энергия көздерінің молдығымен, ғылымға ұмтылудың маңыздылығымен бүкіл әлемнің назарын аударуда. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейін жаңғырамалы энергия үлесін 50 пайызға дейін көбейтуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі іске қосылған электр станциясы таза электр энергия өндірумен қатар, энерго ресурстарды үнемдеуге бағытталған»,-деді Жансейіт Қансейітұлы өз сөзінде.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін қауын-қарбыз таратты
Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде […]
ОҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Шымкенттегі «Көрме» орталығында өтіп жатқан «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі аясында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықтың таңдауы», […]
ОҚО-ға 230 миллиардқа жуық инвестиция тартылған
Астанада өткен «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форум аясында сөз алған «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Қазақстанның инвестициялық климаты жөнінде баяндама жасады.Бизнес-форум аясында 6 меморандумға қол қойылды. Солардың алғашқысы боп «Шымкент» […]
Пікір қалдыру