Оңтүстік Қазақстан облысы осындай іс-шараны өткізген алғаш облыс. Бұл халықаралық дәрежедегі алаңшада ішкі және сыртқы бағыттағы туризмді дамытуға, шетелдік туристердің қызығушылығын тудыруға жақсы мүмкіндік. Сол себепті, көрмеге қойылған 25 фото суреттің ішіне Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де енген. Оңтүстіктегі туризмнің дамуын жаңа сатыға көтеретін іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мұрындық болыпты. Басқарманың идеясына Ontustik Tourism және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамыту орталығы» қолдау білдіргенін айта кеткен жөн.«Мақсатымыз — Оңтүстік Қазақстанды бүкіл әлем қызығатын туристік өлке ретінде таныту. Бір белгілісі — Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облысының бұл тұстағы әлеуеті өте кең. ЭКСПО-2017 көрмесі осы әлеуетті дамытуға көмектеседі деп сенеміз» дейді ұйымдастырушылар.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық тауар өндірушілер Астанаға 90 тонна бақша дақылдарын жеткізді
Түркістан облысының тауарөндірушілері демалыс күндері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізді. Екі күндік шара Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналды. Онда жалпы құны 201,0 млн. теңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Атап […]
Оңтүстік Кореядан келгенде оңтүстік дәрігерлері жергілікті жерлерде біраз өзгерістер жасау керектігін айтады
Оңтүстік Қазақстан облысынан Оңтүстік Кореяға тәжірбие алмасу мақсатында барған дәрігерлер жалпы сапар қорытындысымен облыста халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жандандыру, БМСК деңгейін көтеру, аудандық ауруханаларда реабилитация бөлімшелерін ашу, инсульттің алдын алу және реабилитацилық көмекті жандандыру […]
ОҚО-да ана өлімі екі есеге азайды
Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев хабарлады. Оның айтуынша, республикалық көрсеткіштен төмен мұндай жетістікке облыста тұңғыш рет қол жеткізілді.«Облыста аналар және нәрестелер өлім-жітімін төмендету мақсатында жүйелі […]
Пікір қалдыру