Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 683 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 92 мың 291 адамға артқан. Туристерден түскен табыс 1 млрд. 496,5 млн. теңгені құрапты. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті. Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр.«Қазір «Көне Түркістан» концепциясының алғашқы кезеңін іске асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 129 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сатып алу шаралары заң талаптарына сай іске асырылатын болады. Бұл жобаның жалпы құны шамамен — 7 850,6 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде – 1 290 млн. теңге 129 үйді сатып алуға, 800,0 млн. теңге инфрақұрылымға қаралған», — деді Әліпбек Шәріпбекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық қариялар қаланың көрікті жерлерін аралады
Түркістан қаласының «Қала күні» және «Алтын күз» мерекелері аталып өтті. Дүбірлі тойдың басында қала қонақтары және зиялы қауым өкілдері арнайы дайындалған автобуспен қаладағы құрылыс нысандарымен танысты. Соның ішінде қайта жаңғыртылған Н.Оңдасынов кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Аталмыш […]
ЕЛБАСЫ ОЗНАКОМИЛСЯ С ПЛАНАМИ ДАЛЬНЕЙШЕГО РАЗВИТИЯ ГОРОДА ТУРКЕСТАН
Нурсултану Назарбаеву был презентован комплекс «Караван-сарай» и представлена информация по итогам археологических исследований на территории заповедника-музея «Азрет Султан». Также Елбасы рассказали о проектах, осуществляемых в рамках исполнения протокольных поручений Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, данных […]
Түркістанда «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің шымылдығы ашылды
Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараны ҚР Мәдениет және […]
Пікір қалдыру